• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Азия балалары» ойындары

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан алтыншы орыннан көрінді

    Бүгін Ресей Федерациясының Кемерево облысында қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары аяқталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Қысқы ойындардың ресми жабылу рәсімінде еліміздің көк байрағын шорт-трекші Мадияр Мадихов ұстап шықты. Ал халықаралық жарыстың туын түсіру рəсіміне чемпион ретінде Қазақстан атынан Мейіржан Төлеген қатысты. Он күнге созылған кешенді жарыста Қазақстан 3 алтын, 5 күміс және ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Варвара Глухова алтын жүлде алды

    Бүгін қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерово облысында өтіп жатқан ІІ  «Азия балалары» ойындарында конькимен жүгіруден соңғы жүле жиынтығы сарапқа салынды. Алдыңғы екі күнде медальге сынық сүйем қалғанда сүрініп келген қазақстандықтар бұл жолы 1 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Конькиші Варвара Глухова жеңімпаз атанса, командалық спринтте Денис Мезенцев, Михаил Бровко мен Михаил Матрюхин үштігі Сібір федералды округынан кейінгі екінші нәтиже ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: бір отбасының мүшелері жүлдегер атанды

    Осы күндері Ресейдің Кемерево облысында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Софья Шишкина шаңғымен тұғырдан секіруде қола жүлдегер атанды. Ол К-40 трамплинінде қос жаттығудан 203 ұпай жинады. Софьяның әпкесі Вероника Шишкина 2019 жылы Оңтүстік Сахалин қаласында өткен алғашқы «Азия балалары» қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде жекелей сында жеңімпаз атанған болатын. Енді бұл отбасында «Азия балалары» ойындарының екі ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: шаңғымен тұғырдан секірушілер бес медаль алды

    Ресейдің Кемерово облысында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында шаңғымен тұғырдан секірушілер қоржынға бес медаль салды. Бүгін аралас командалық сында еліміздің бірінші құрамасы күміс жүлдегер атанды. Илья Мизерных пен Софья Шишкина жұбы 438,8 ұпай жинады. Ал сапында Илья Шильников пен Алена Свириденко бар Қазақстанның екінші құрамасы 434, 1 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Бұл сайыста Ресейдің Кузбасс аймағының құрамасы ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Мейіржан Төлеген алтын жүлде алды

    Еліміздің шорт-тректен құрама командасы Ресейдің Кузбасс облысында өтіп жатқан «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарын табысты аяқтады. Бүгін 1000 метрге жарыста Мейіржан Төлеген чемпион атанса, Мадияр Мадихов қола жүлдені иеленді. Финалда өнер көрсеткен Əліби Əлімгереев пен Ерасыл Шыңғысхан төртінші жəне бесінші орыннан көрінді. Шорт-тректен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Данабек Хайров шəкірттерінің нəтижесін жақсы деп бағалап, команда соңғы күні алтын медаль алуға ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан шорт-тректен үшінші орынды иеленді

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан шорт-тректен үшінші орынды иеленді Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемеров облысында өтіп жатқан «Азия балалары» халықаралық турнирде шорт-тректен Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді. Соның ішінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 9 «А» сынып оқушысы Айзада Алтынбек те (шорт-трек) болды. Ол 3 000 метрге арналған командалық эстафетада мәреге үшінші болып жетті. Бұл жарысқа Азия құрлығының және Беларусь елінің 14-16 ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан үш жүлде алды

    Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерево қаласында өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Қазақстарн спортшыларының қоржыны бір алтын жүлдемен, бір күміс және бір қола медальмен толықты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных пен Илья Шильников қарсылас шақ келтірген жоқ. Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанды. Ал Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан екі медаль жеңіп алды

    Ресей Федерациясының Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында еліміздің шорт-трекшілер екі медальді жеңіп алды. Қыздар арасында 1500 метрге жарысудан Малика Жолтабар қола жүлдені иеленсе, оы қашықтықта ұлдар арасында өткен додада Мейіржан Төлеген күміс медальге ие болды. ІІ «Азия балалары» ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы да алғашқы жеңісін тойлады. Балалар өз тобындағы екінші ойында Ресейдің Саха Республикасын ...

    Read More »

    Ресейде ІІ «Азия балалары» ойындары басталды (ФОТО)

    Бүгін Ресей Федерациясының Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Әуелі «Кузбасс» мұз сарайындағы ұлттық құрамалар шеруінде еліміздің туын шорт-трекші Санжар Бекежан ұстап шықты. Алдағы күндері Қазақстан осы халықаралық жарыста 6 спорт түрінен сынға түсетін 64 атлеттің жолына үмітпен қарайды. Алғаш рет халықаралық жарысқа келген Қазақстан құрамасының ...

    Read More »