«Азия балалары» ойындары: Қазақстан шорт-тректен үшінші орынды иеленді
Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемеров облысында өтіп жатқан «Азия балалары» халықаралық турнирде шорт-тректен Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді.
Соның ішінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 9 «А» сынып оқушысы Айзада Алтынбек те (шорт-трек) болды. Ол 3 000 метрге арналған командалық эстафетада мәреге үшінші болып жетті.
Бұл жарысқа Азия құрлығының және Беларусь елінің 14-16 жастағы спортшылары қатысуда. Кесте бойынша қысқы спорттың 10 түрінен алтын, күміс және қола медальдар ойнатылады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА