• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан үш жүлде алды

    Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерево қаласында өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Қазақстарн спортшыларының қоржыны бір алтын жүлдемен, бір күміс және бір қола медальмен толықты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

    Шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных пен Илья Шильников қарсылас шақ келтірген жоқ.

    Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанды. Ал Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.

    Софья Шишкина шаңғымен тұғырдан секіруде  қола жүлдегері атанды. Ол төрешілерден 203 ұпай алды.

    Енді Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *