• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Хоккей

    Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

    Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Ресей мен Беларусьті халықаралық турнирлердің бәрінен шеттетуді одан әрі жалғастырып жатыр. Халықаралық хоккей федерациясы Ресей мен Беларусь құрамаларын 2023/2024 жылдарғы маусымда халықаралық жарыстарға жібермеу жөнінде шешім қабылдады, – аталған ұйымның хабарламада. ХХФ-ның хабаралуынша, ұйым басшылығы ресейліктер мен белорустарды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды. Ресей және Беларусь құрамалары Халықаралық хоккей федерациясының шешімімен 2022 жылғы ...

    Read More »

    418 млн теңге: хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп жалақы алатындар аталды

    Хоккейден Қазақстан құрамасының кейбір ойыншылары Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылардың тізіміне енді. Бұл туралы sport-express.ru хабарлады. Дереккөз мәліметінше, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге. Ал Джесси Блэкер («Автомобилист») пен Никита Михайлис («Барыс») жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады. Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі мынадай: Кертис Волк («Автомобилист») ...

    Read More »

    «Барыс» ҚХЛ-да плей-оффқа шыға алмады

    Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті рет жеңіліп қалды. Бұл жолы «Барыс» өз айдынында Минск қаласының «Динамо» клубынан 2:5 есебімен ұтылып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен толығымен айырылды. Сөйтіп, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында плей-оффтан үмітін үзген алғашқы команда атанды. Команда 64 ойында 59 ұпай жинап, конференцияда ең соңғы орында қалды. Астананың клубы ҚХЛ-дағы кезекті матчты 18 ...

    Read More »

    2030 жылғы қысқы Олимпиада Швецияда болуы мүмкін —  БАҚ

    2030 жылғы қысқы Олимпия ойындары Швецияда болуы мүмкін. Бұл үшін Швецияның Олимпиада комитеті сарапшылардың жазға дейін елдің Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігін зерттейтінін мәлімдеді. Швеция Олимпиада комитеті төрағасының міндетін атқарушы Андерс Ларссонның айтуынша, Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу туралы мәселе қарастырылып жатыр. Егер сарапшылар бір келісімге келсе, төрт жылда бір рет өтетін дүрмекті додаларды өткізуге болады. Біздің елде ірі ...

    Read More »

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

    Румынияда шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 18 жасқа дейінгі қыздар аарсында өткен әлем чемпионатының В тобындағы екінші дивизионда бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстан құрамасы өз тобында Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония және Исландия командасымен сынға түсіп, қарсыластарының бәрін ұтты. Құрама команда топтағы алғашқы матчта Болгарияны 8:1, одан кейін Жаңа Зеландияны 7:1, Бельгияны 5:3, Эстонияны 8:0, Исландияны 7:0 есебімен ойсырата жеңді. ...

    Read More »

    Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды

    АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиададағы хоккей турнирінде қола жүлдегер анықталды. Үшінші орын үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары ойнап, қазақстандық студенттер құрамасы қарсыластарын 8:1 есебімен ойсырата ұтты. Бұл қола – ел қоржынына Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарында түскен 10-медаль. Матчтың 6-минутында Максим Мухаметов құраманы алға шығарды. Екінші кезеңде отандастарымыз қатарынан үш шайба салды. Онда Саян Данияр, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан хоккейшілері жартылай финалда Канадамен ойнайды

    Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда Канадамен кездеседі. Қазақстан хоккейшілері В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ командарымен сынға түсті. Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны  5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді. Осылайша өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алды. Бірінші орынды дәл сондай ұпай жинаған ...

    Read More »

    Ислам елдерінің бірінші хоккей турнирінде қазақстандықтар жүлдегер болды

    Татарстанның астанасы Қазан қаласында хоккейден Ислам елдерінің бірінші халықаралық Kazan Hockey Cup турнирі аяқталды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады. Ерлер арасындағы жарысқа 12 команда қатысып, әрқайсысы төрттен үш топқа бөлінді. Қазақстан атынан құрамында әуесқой хоккейшілер де, кәсіби деңгейде өнер көрсеткен ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары да бар «OSKEMEN» командасы қатысты. Олар өз тобында Қырғызстан мен Түркіменстанды жеңіп, Татарстан командасынан есе жіберіп, ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан хоккейшілері бір тур қалғанда плей-оффқа шықты

    Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Словакияға қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:0 есебімен ұтты. Осылайша отандастарымыз бір тур қалғанда плей-офф бәсекесіне шықты. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсуде. Атап айтқанда, 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны – 5:1, одан кейін Венгрияны – 9:1, Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді. Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасынан Максим Мухаметов (8-минут), Станислав ...

    Read More »

    Қазақстан хоккейшілері универсиаданы жеңіспен бастады

    АҚШ-тағы Лейк-Плэсид қаласында басталған қысқы универсиада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасында шайбаларды Алдияр Нұрлан (6-минут), Максим Мусоров (26-минут), Кирилл Полохов (35 және 37-минут) пен Максим Мұхаметов (39-минут) соқты. Оңтүстік Корея құрамасында Мин Джэ Чан (21-минут) қақпаны дәл көздеді. Универсиадада Қазақстан құрамасы Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен топта өнер көрсетеді. Топтан бірінші және ...

    Read More »