• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    418 млн теңге: хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп жалақы алатындар аталды

    Хоккейден Қазақстан құрамасының кейбір ойыншылары Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылардың тізіміне енді. Бұл туралы sport-express.ru хабарлады.

    Дереккөз мәліметінше, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге.

    Ал Джесси Блэкер («Автомобилист») пен Никита Михайлис («Барыс») жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады.

    Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі мынадай:

    Кертис Волк («Автомобилист») – 45 млн рубль (268,76 млн теңге);

    Виктор Сведберг («Авангард») – 40 млн рубль (238,90 млн теңге);

    Алексей Маклюков («Металлург») – 35 млн рубль (209,04 млн теңге);

    Роман Старченко («Спартак») – 25 млн рубль (149,31 млн теңге);

    Валерий Орехов («Адмирал») – 20 млн рубль (119,45 млн теңге).

    «Барыс» ХК Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *