• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

    Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Ресей мен Беларусьті халықаралық турнирлердің бәрінен шеттетуді одан әрі жалғастырып жатыр.

    Халықаралық хоккей федерациясы Ресей мен Беларусь құрамаларын 2023/2024 жылдарғы маусымда халықаралық жарыстарға жібермеу жөнінде шешім қабылдады, – аталған ұйымның хабарламада.

    ХХФ-ның хабаралуынша, ұйым басшылығы ресейліктер мен белорустарды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды.

    Ресей және Беларусь құрамалары Халықаралық хоккей федерациясының шешімімен 2022 жылғы ақпан айынан бері халықаралық жарыстарға қатыстырылмай келеді. Оған Ресей армиясының 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кіруі және оған Беларусьтің қолдау көрсетуі бірден-бір себеп болып отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *