Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасовамен кездесті.
Президент шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасовамен елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және болашақтағы жоспары туралы айтты. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.
Президент Динара Сәдуақасованы тағы да былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальді жеңіп алуымен құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
АҚОРДА
ФОТО: АҚОРДА