• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Александр Бублик рейтингте бірден 21 орынға көтерілді

    Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті. Осы тізімде Александр Бублик 48-орыннан бірден 21 орынға көтеріліп, әлемнің 27-ракеткасы атанды. Тізімде Тимофей Скатов — 138, Бейбіт Жұқаев — 239, Михаил Кукушкин — 259, Денис Евсеев — 320, Дмитрий Попко 343-сатыда тұр. Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында ...

    Read More »

    Бублик алғаш рет АТР 500 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен бас жүлдені сарапқа салды. Осыған дейін Бублик жеті рет ATP жарыстарының финалына шығып, соның біреуінде ғана, былтыр Монпельеде жеңімпаз атанған еді. Ал биыл ол алғаш рет  ATP 500 деңгейінде финалға шығып, жеңімпаз атанды. Финалда Бублик матчты брейкпен ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшісі Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Ұлыбританиядағы челленджер турнирінің финалына шықты. Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аастралиялықтар Эндрю Харрис пен Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Олан кейін қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялық Константин Францен мен Хендрик Йебенснен 6:4, 3:6, 10:4 айласын асырды. Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс пен ...

    Read More »

    Рыбакина Берлин турниріне қатысқаны үшін қыруар ақша алады

    Теннисші Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турниріне қатысқаны үшін 11 500 АҚШ долларын алады. Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген 20 жастағы ресейлік спортшы Полина Кудерметованы 6:4,6:4, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін 1/8 финалда хорватиялық Донна Векичтен кездескен еді. Өкінішке қарай, осы ойында отандасымыз ойламаған жерде қарсыласынан 7:6, 3:6, 4:6 есебімен ұтылып, жарысты ерте ...

    Read More »

    Рыбакина Берлин турнирінде ұтылып қалды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, ұтылып қалды. Бірінші партияда тай-брейкте Елена Рыбакина 7:6 (7:1) есебімен жеңген еді. Содан екінші, үшінші сетте қарсыласына есе жіберді. Хорватиялық спортшы отандасымызды екі сетте де 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Ойын екі сағат ...

    Read More »

    Рыбакина Берлин турнирін жеңіспен бастады

    Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты. Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 139-орында тұрған, іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, 20 жастағы ресейлік спортшы Полина Кудерметовамен кездесті. Бірінші партияда есеп 5:4 болған кезде Елена брейк жасады. Бірінші сет осылай  6:4 есеппен аяқталды. Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға ...

    Read More »

    Рыбакина көгалдағы төсеніште жаттығып жатыр

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина көгалдағы төсеніш маусымына дайындықты бастады. Ол Словакияда көгал төсенішіндегі жаттығуын өткізді. Қазақстандық теннисшінің жаттығуынан түсірілген видео Instagram-дағы Tenisová škola Jednotka аккаунтында жарияланды. Рыбакина 19-25 маусым аралығында Берлинде (Германия) өтетін турнирге қатысады. Бұған дейін ол «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында сырқаттанып, жарысты жалғастыра алмаған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

    Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингінде теннисші төртінші орыннан үшінші сатыға көтерілді. Оның алдында Польшаның спортшысы Ига Швентек пен Беларусьтің өкілі Арина Соболенко тұр. Қазақстанның тағы бір теннисші Юлия Путинцева 58-ден 51-орынға шықты. Рейтингет жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула ТОП- үштіктен ...

    Read More »

    Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-үштікке кіреді

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үздік үштікке кіреді. Бұл туралы Теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Қазір Рыбакина WTA Live тізімінде 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр. Топ-үштікке «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер кіруі мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға  6:3, 6:7 (5:7), ...

    Read More »

    Теннис: Әмір Омарханов — ITF Juniors J60 турнирінің жеңімпазы!

    Теннисші Әмір Омарханов Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. 15 жастағы теннисші — Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Қазір ол Чехияда жаттығып жүр. Грузиядағы турнирде ол жекелей және жұптық сында үздік атанды. Әмір жекелей сында әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Ол финалға ...

    Read More »