• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының іріктеу матчына дайындықты бастады

    Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу матчына дайындықты бастады. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, отандастарымыз 4-5 ақпан күндері Чилидің Ла Серена қаласында «Ла Трентино» аренасының топырақ төсенішіндегі корттарында осы елдің құрамасымен кездеседі. Ла Серена қаласына Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасы толықтай келді. Қазір жарысқа дайындықты Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов бастап кетті. Қазақстан мен ...

    Read More »

    Новак Джокович жүлде қоры ең көп теннисші атанды

    Сербиялық теннисші Новак Джокович Австралия ашық чемпионатында жиырма екінші рет «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирді жеңіп алды. Бұл атақ оған әлемдік рейтингтің жоғарғы сатысына қайта оралып, жүлде қоры бойынша рекордсмен атануға мүмкіндік берді. Мельбурн корттарында грекиялық Стефанос Циципасқа қарсы финалдық кездесуде жеңіске жеткені үшін Новак Джоковичке 2,975 миллион доллар көлемінде чек берілді. Теннистегі барлық табысын қосқанда, сербтің  жүлде қоры 166,8 миллион ...

    Read More »

    Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің 10-ракеткасы атанды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады. Осы тізімде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына жеткеннен кейін 25-орыннан бірден 10-орынға шықты. Ол алғаш рет Қазақстанның спорт тарихында үздік ондыққа кірді. Бұған дейін Қазақстан теннисшілерінен ешкім ондыққа кіріп көрген емес. Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр. Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай: 10 (+15). Елена Рыбакина – 2815 ...

    Read More »

    Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирін жеңіп алды

    Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өткен ITF Juniors турнирінде 14 жастағы отандасымыз Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жеңімпаз атанды. Ол финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен ұтты. Жас теннисші былтырғы жылды Tennis Europe рейтингінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт бойы чемпиондық кестеде көш бастап келеді. Өткен жылдың желтоқсанынан бері Заңғар Нұрланұлы жоғары санатқа ауысып, ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілерінің табысының тізімі шықты

    Теннистен Австралия ашық чемпионатына қатысқан Қазақстан спортшыларының қанша табыс тақаны белгілі болды. Олардың ішінде ең көп ақша (527 208 427 теңге) Елена Рыбакинаға төленсе, ең аз сома (7 389 521 теңге) ерлер құрамасындағы Андрей Голубевке бұйырды. Енді рет-ретімен тоқталып өтсек… Әйелдер: Елена Рыбакина – 1 млн 143,5 мың АҚШ доллары (527 208 427 теңге); Юлия Путинцева – 120 мың 307 ...

    Read More »

    Астаналық 14 жастағы теннисші Австралиядағы турнирдің финалына жетті

    Астаналық теннисші Альбина Какенова Австралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті. «Мельбурн Паркінің» кортында Австралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды. 14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды. Есеп – 7:6, 4:6, 2:6. Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін қаншама көп күш жұмсадым. ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

    Теннисші Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы турнирде бесінші орын алған беларусьтік Арина Соболенко болды. Бірінші сетте Елена жеңді – 6:4. Екінші сетте Соболенко мықтырақ шықты – 6:3. Шешуші ойында Арина Соболенко қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсіп, титулдың иегері атанды. Матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Финалға шығар жолда Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена ...

    Read More »

    Australian Open-2023: финалда Елена Рыбакина мен Арина Соболенко кездеседі

    Теннисші Елена Рыбакина Австралия-2023 Ашық чемпионаты финалында Беларусьтің өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Рыбакина жартылай финалда Соболенконың отандасы Виктория Азаренконы жеңген еді. Ол 1 сағат 41 минутқа созылған матчта қарсыласын 7:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Ал Арина Соболенко жартылай финалда Польша теннисшісі Магда Линетті 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Соболенко мен Рыбакина арасындағы финал 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша ...

    Read More »

    Рыбакина Australian Open финалына шыққаны үшін 524 933 623 теңге тапты

    Теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына шыққаны үшін 524 933 623 теңге табыс тапты. Жекелей сында финалға шыққаны үшін теннисшіге 1,12 млн доллар беріледі. Рыбакинаның жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге 1/8 финалға жеткені белгілі. Бұл үшін екеуіне 47 мың доллар тең бөлінеді. Сонда әрқайсысына 23 500 доллардан тиеді. Бәрін есептегенде Рыбакина қазірдің өзінде 1 млн 143,5 мың доллар көлемінде табыс ...

    Read More »

    ITF W40 турнирі: Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты

    Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирде әлемдік рейтингте 483-орында тұрған Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова (585 WTA) жұптық сында ширек финалына шықты. Отандамстарымыз жапониялықтар Эрина Хаяши мен Саки Имамураны 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Енді Жібек пен Гөзал жартылай финалға шығу үшін өзбекстандық Нигина Абдураимова мен тайбэйлік Ен-Шу Лангпен кездеседі. Жекелей сында теннисшілеріміз екінші айналымнан аса алмады. Тағы бір ...

    Read More »