• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    championat.com

    Ига Свентек теннис ханшайымы атанды

    Халықаралық теннис федерациясының (WTA) шешімімен поляк спортшысы Ига Свентек 2023 жылдың үздік теннисшісі және Жер шарының теннис ханшайымы деп танылды.

    Бұл жүлдеге екінші жыл қатарынан беларусь Арина Соболенко, америкалық Кори Гофф, Джессика Пегула, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина мен чехиялық Маркета Вондроушова да үміткер болды.

    Биыл Ига Свентек «Ролан Гаррос» және WTA финалдық турнирлері мен Бейжің, Доха, Штутгарт пен Варшавадағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы атанды.

    Жақында ол әлемдегі ең табысы көп 10 спортшының қатарына да кірді. Биыл ол  21,9 млн АҚШ долларын тауып, ($ 9,9 млн жарыстардағы сыйақы) рейтингіде екінші орыннан көрінді.

    Свентектің жасы – 22-де. Ол Рыбакинамен бер рет ойнап, екі рет жеңіп, екі рет жеңілген. Бір матчта теннисшілер тең ойнаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *