• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    qazsporttv.kz

    «Дала қырандары» турнирінің жалауы желбірейді

    17 желтоқсанында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Турнир 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгіндері бұл жарыс қазақ күресі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың біріне айналып үлгерді. Жарыс тек үздік балуандарды бір кілемде жинап қана қоймай, сонымен қатар ұлттық дәстүрімізді біріктіру арқылы қазақ күресінің ұлылығы мен тереңдігін көрсетеді.

    Биылғы турнир 17 желтоқсан күні өтеді. Дәл осы турнирде жыл бойы өткен 5 рейтингтік жарыста жоғары ұпай жинаған 64 балуан белдесіп, өз салмағының үздігін анықтайды. Доданың қорытындысы бойынша 8 спортшы өз салмақ дәрежесінің «Бас балуаны» атанып, «Дала қыраны» титулына ие болады. Сондай-ақ, 8 үздіктің әрқайсысына 4,5 млн теңге қомақты сыйақы табыс етіледі.

    Қазақы болмыс, тұрмыс-тіршілігіміз, салт-санамыз және әдет-ғұрып сияқты ұлттық тәрбиенің негізгі категориялары – осының барлығы қазақ күресінде бар. Себебі, қазақ күресі – жас ұрпақтың ой-өрісін дамытумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізудің бірден-бір жолы. Сол себепті де барлық салмақты қамтыған бұл турнирдің қазақ күресі үшін маңызы зор. Ол қазақ халқының ұлттық күресі мазмұны тереңдігімен қоса, жас ұрпақтың бойына батырлық, төзімділік, алғырлық сынды ізгі қасиеттерді қалыптастыратындығымен құнды.

    Барлықтарыңызды турнирде күтеміз!

    Мекенжайы: Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, Астана қаласы.

    Уақыты: 2023 жылғы 17 желтоқсан, басталуы – сағат 11.00, салтанатты ашылуы – сағат 16.00.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *