• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Австралия ашық чемпионатына Қазақстаннан 11 теннисші қатысады

    Елімізден Австралия ашық чемпионатына қатысушылар тізіміне 11 теннисші қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Жекелей сында негізгі турнирде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Жұптық сынға Анна Данилина мен Александр Недовесов қатысады.

    Австралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарында Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев та бақ сынайды.

    Жасөспірімдер арасында Австралия ашық чемпионатында негізгі жарыста алғаш рет Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова кортқа шығады. Сондай-ақ іріктеу сайыстарына Даниал Рахматуллаев пен Виталий Зацепин қатысады.

    Өткен жылы Австралия ашық біріншілігінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина финалға дейін жеткен еді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *