• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Австралияның ашық чемпионаты

    Австралия ашық чемпионатына Қазақстаннан 11 теннисші қатысады

    Елімізден Австралия ашық чемпионатына қатысушылар тізіміне 11 теннисші қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында негізгі турнирде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Жұптық сынға Анна Данилина мен Александр Недовесов қатысады. Австралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарында Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев та бақ сынайды. Жасөспірімдер арасында Австралия ашық чемпионатында негізгі жарыста алғаш рет Әмір Омарханов пен ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

    Теннисші Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы турнирде бесінші орын алған беларусьтік Арина Соболенко болды. Бірінші сетте Елена жеңді – 6:4. Екінші сетте Соболенко мықтырақ шықты – 6:3. Шешуші ойында Арина Соболенко қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсіп, титулдың иегері атанды. Матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Финалға шығар жолда Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Рыбакина бүгінгі жеңісі үшін 288 млн теңге алды

    Теннисші Елена Рыбакина Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2023 ашық чемпионатында жартылай финалға шыққаны үшін қомақты ақшалай сыйлық алады. Турнир ұйымдастырушылары оған 623 500 доллар (288 млн теңгеден астам, — ред.) сомаға чек әзірледі. Егер Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына жетсе, бұл сыйақы екі есеге жуық көбейеді.  Оның үстіне отандасымыз қазір Теннистен әйелдер қауымдастығының Live рейтингінде 12-орында тұр. Теннисші Australian ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

    Теннистен Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Елена Рыбакина поляк Ига Свёнтекті жарыс жолынан шығарып тастады.  Польшаның 21 жастағы теннисшісі Ига Свёнтек әлем рейтингісінде қазір бірінші нөмірлі болса, Елена Рыбакина 25-сатыда тұр. «Australian Open» Мельбурндегі «Мельбурн Парк Род Лэйвер Арена» стадионында болып жатыр. Қаңтардың 16-сында басталған ашық чемпионаттың әйелдер турнирінде екінші аптаға «Үлкен шлем турнирлерінің» бес бірдей чемпиондары – Виктория Азаренко, Елена ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Рыбакина алғаш рет төртінші айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзды 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Биыл теннисшілер Аделаида турнирінде кездесіп, онда отандасымыз 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Осылайша, Рыбакина алғаш рет Австралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты. Бұған дейін ол үшінші айналымнан аса алмаған еді. Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілері жұптық сында жарысты жақсы бастады

     Елена Рыбакина мен Анна Данилина жұптық сында Австралия ашық чемпионатын сәтті бастады. Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок мен латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Турнирдің 8-ракеткалары Данилина мен үндістандық Саня Мирза алғашқы кездесуін мажарстандық Далма Галфи мен америкалық Бернарда Перамен өткізді. Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова екінші айналымда тайбэйлік Латиша ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Рыбакина үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кездесті. Бірінші партияда отандасымыз қарсыласын 6:2 есебімен ұтып, өз шеберлігінің әлдеқайда басым екендігін көрсетті. Екінші сетте де бірден алға кетіп, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп — 6:1. Ойында Рыбакина 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың ...

    Read More »

    Рыбакина рекорд жасады

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының алғашқы күні доп беруден үздік көрсеткіш көрсетті. Ол италиялық Элизабетта Коччареттомен матчта екінші сеттің соңында 195 км/сағат жылдамдықпен доп берді. Бұл — осы уақытқа дейін әйелдер арасында үздік көрсеткіш. Осы «Үлкен дулыға» додасының 22-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз ертең екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кортқа шығады. Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Қазақстанның Австралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды

    Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Австралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен кездеседі. Рейтингте 51-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 43-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен күш сынасады. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович — Фокинаны жеңіп көруге тырысады. ...

    Read More »