• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Australian Open-2023: Рыбакина бүгінгі жеңісі үшін 288 млн теңге алды

    Теннисші Елена Рыбакина Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2023 ашық чемпионатында жартылай финалға шыққаны үшін қомақты ақшалай сыйлық алады. Турнир ұйымдастырушылары оған 623 500 доллар (288 млн теңгеден астам, — ред.) сомаға чек әзірледі.

    Егер Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына жетсе, бұл сыйақы екі есеге жуық көбейеді.  Оның үстіне отандасымыз қазір Теннистен әйелдер қауымдастығының Live рейтингінде 12-орында тұр.

    Теннисші Australian Open-2023 чемпионатын әлемнің 25-ракеткасы ретінде бастаған еді.

    Жалпы, Австралияның ашық чемпионатының биылғы жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетіп, 52 млн доллар болды. Әйелдер мен ерлер арасындағы жеке сында чемпиондар үш миллион АҚШ долларына жуық ақша алады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *