Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.
Теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кездесті.
Бірінші партияда отандасымыз қарсыласын 6:2 есебімен ұтып, өз шеберлігінің әлдеқайда басым екендігін көрсетті. Екінші сетте де бірден алға кетіп, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп — 6:1.
Ойында Рыбакина 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз немесе рейтингте 133-сатыдағы чехиялық Каролина Мухованың біреуімен кездеседі. Ол жуырда Д.Коллинзді Аделаида турнирінде 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтқан еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА