• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Универсиада: Қазақстанның қоржыны бір алтын, бір қола медальмен толықты

    Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-та өтіп жатқан Қысқы универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды.

    Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты – 27:51,5. Осылайша биатлоншы ел құрамасына үшінші алтынды салды.

    Аталған жарыста екінші орын Бьорн Уэстервелтке бұйырса, үшінші орынға тағы бір отандасымыз Александр Мухин ие болды. Нәтижесінде Универсиадада ел құрамасы 1 алтын, 1 қола медаль алды.

    Бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев чемпион атанған болатын.

    Осылайша, медальдар кестесінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 қола жүлдемен 3-орынға көтерілді. Алда Жапония және Финляндия құрамалары келеді.

     

    Динара ҚАЛИЕВА,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *