• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілері жұптық сында жарысты жақсы бастады

     Елена Рыбакина мен Анна Данилина жұптық сында Австралия ашық чемпионатын сәтті бастады.

    Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок мен латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

    Турнирдің 8-ракеткалары Данилина мен үндістандық Саня Мирза алғашқы кездесуін мажарстандық Далма Галфи мен америкалық Бернарда Перамен өткізді.

    Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова екінші айналымда тайбэйлік Латиша Чань мен чилилік Алекса Гуарачимен, ал А.Данилина мен С.Мирза украиналық Ангелина Калинина мен бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *