• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Боксшылар Азия чемпионатында алғашқы жеңістеріне жетті

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан U-22 Азия чемпионаты басталып, жарыстың алғашқы күні алты жекпе-жек болды.

    Қазақстан құрама сапынан екі боксшымыз шаршы алаңға көтеріліп, екеуі де жеңіске жетті. Алдымен 48 килодағы Санжар Тәшкенбай қырғыз Анваржан Ходжиевтан 5:0 есебімен басым түссе, 57 кг салмақтағы Махмұд Сабырхан да өзбек Мирзабек Мирзахаловты айқын басымдылықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды. Осылайша Азия чемпионаты жақсы жаңалықпен басталды. Жеңіс құтты болсын ағайын!

    Санжар мен Махмұдттың жеңісті жолдары өзге боксшыларымызға жұғысты болсын!

     

    Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ

    АҚТӨБЕ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *