• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бибісара Асаубаева: «Әлем чемпионы атағын сақтап қалу қашан да қиын»

    Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен әлем чемпионаты  туралы пікір білдірді. Ол әлем чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алғанға қарағанда, оны сақтап қалу қиын екенін, биік шыңға шыққанда, содан түспеу қиын болатынын айтты.

    «Бұл мен үшін жауапты жарыс болды. Себебі, әлем чемпионы деген атақты бірінші рет жеңіп алғанға қарағанда, оны сақтап қалу қиын. Маған Польшада өткен бірінші әлем чемпионатында жай ғана сәттілік серік болды деген пікірлер айтылды. Бұл пікірмен келіспеймін. Ол кезде маған сәттілік серік болған жоқ. Ал Алматыда өткен әлем чемпионаты өз елімде, Алматы қаласында болды. Коронавирус індеті мені де айналып өтпеді. Мен COVID-пен ауырып қалдым. Бұл менің алғашқы ойындардағы нәтижелеріме кері әсерін тинізді. Кейін блицте мен өзімді жақсы сезіне бастадым. Чемпиондық атақты сақтап қалу қиын екені белгілі. Бірақ маған жақындарым сенді. Өзімнің де «алтын» аламын деген ішкі үмітім басым болды», — деді шахматтың блиц түрінен 2 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *