• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Australian Open-2023: Рыбакина алғаш рет төртінші айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзды 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

    Биыл теннисшілер Аделаида турнирінде кездесіп, онда отандасымыз 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

    Осылайша, Рыбакина алғаш рет Австралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты. Бұған дейін ол үшінші айналымнан аса алмаған еді.

    Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 100-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *