• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    egemen.kz

    Шымкентте тау шаңғысы курорты салынуы мүмкін

    Шымкентте өткен Creative Shustry of Shymkent 2023 форумында туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев алдағы уақытта қалада тау шаңғысы курорты салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады ведомство.

    Жиында Ержан Еркінбаев Шымкент қаласының табиғи көрікті жерлерімен, тарихи-мәдени нысандарымен және қаланың дәмді гастрономиясымен үлкен туристік әлеуетке ие екенін атап өтті.

    Сонымен қатар Ержан Еркінбаев өңірдің мүмкіндіктерін ескере отырып, аймақтағы туризмнің дамуына оң серпін беретін тау шаңғысы кешенін салу қажеттігі туралы айтты.

    Уақыт өте келе Қасқасу аумағы тау шаңғысы туризмінің ордасына айналады деп үміттенеміз. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде, — деді ол.

    Сондай-ақ Ержан Еркінбаев өңірдегі және жалпы елдегі креативті индустрияларды дамыту бойынша пікірлерін ортаға салды.

    Жиыннан кейін Creative industry of Shymkent форум-көрмесі болып, оған 500 адам қатысты. Көрмеде 30-ға жуық спикер креативті индустрия саласында жаңа идеяларды енгізу, жобаларды іске асыру үшін инвесторлар мен демеушілерді тарту бойынша баяндама жасады.

    Көрме аясында 20 жоба ұсынылып, бірқатар меморандум мен жол картасына қол қойылды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *