Юрий Польский алдағы 4 жылға Азия теннис федерациясының (ATF) президенті болып сайланды. Сайлау Таиландтың Бангкок қаласында өткен ATF бас сессиясы аясында болды, деп хабарлады Olympic.kz.
Сайлауда Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан тағы үш үміткер ATF президенті болуға үміткер болды. Онда Юрий Польский ең көп дауыс жинады.
Енді Юрий Польский ATF президенті қызметімен бірге Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін басқарады. Бұл жерде ол соңғы 4 жылда вице-президент қызметін атқарған.
Сайлауда Азия теннис федерациясын Қазақстан теннис федерациясының соңғы 16 жылда жүргізіп келе жатқан реформалары қызықтырды. Бұл тәжірибемен еліміздің Теннис федерациясының өкілдері құрлықтық ұйымды кеңірек таныстаратынын айтты.
Қазір Азияда 44 елде Теннис федерациясы бар.