• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    prosports.kz

    Шавкат Рахмонов келесі жылға басты жоспарын айтты

    Аралас жекпе-жектің шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келесі жылы UFC чемпиондық атағын жеңіп алғысы келетінін ашып айтты.

    Мен келесі жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп, Қазақстанға қайту, — деді ол The MMA Hour-ға берген сұхбатында.

    Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Бұл жерде ол америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) октогонға шығады.

    Аралас жекпе-жек шебері UFC-де алты жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның бесеуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазір ол жартылай орта салмақ рейтингінде 5-орында тұр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *