• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазын оңай ұтты

    Елена Рыбакина Дубайда басталған турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті. Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан жарыста «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы және «Australian Open-2023» чемпионатының финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина канадалық 36-ракетка Бьянка Андреескуды 6:3, 6;4 есебімен жеңді. Кездесу бір сағат 30 минутқа созылды. Осы уақытта отандасымыз  6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге ...

    Read More »

    Рыбакина жаңа жүлдеге үміткер атанды

    «Уимблдон -2022» турнирінің жеңімпазы, Australian Open 2023 чемпионатының финалисі Елена Рыбакина Laureus сыйлығына үміткер атанды. Теннисші — «Жыл серпіні» жүлдесіне үміткер алты спортшының бірі. Рыбакинадан басқа бұл номинацияға испандық Карлос Алькараз (теннис), футболдан Марокко құрамасы, америкалық Натан Чен (мәнерлеп сырғанау), нигериялық Тоби Амусан (жеңіл атлетика) және тағы бір америкалық спортшы Скотти Шеффлер (гольф) ұсынылып отыр. Laureus World Sports Awards сыйлығы ...

    Read More »

    Елена Рыбакина бұралқы иттерге қайырымдылық көрсетті

    Теннистен Уимблдон-2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина бұралқы иттерге арналған қамқорлық орталығына қаржы аударған. Құрметті достар, бізге күтпеген жерден келген ерекше қуанышты жаңалықпен бөліспесек болмады. Елімізге ең танымал әрі талантты теннисші Елена Рыбакина бізге қиын сәтте қол ұшын созды. Кеше біз 10 тонна макарон сатып алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Еленаға шексіз алғыс айтамыз, — деп жазылған «СтопОтлов» волонтерлік қозғалысының Instagram-дағы парақшасында. ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері Азия рейтингінде үздік ондықта жүр

    Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жариялады. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Еуропа рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға шықты. Михаил Мищенко 114-ші, Роберт Каминский 139-сатыға орналасты. Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан — 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді. Азия рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан көш ...

    Read More »

    Қазақстан төрешілері алғаш рет WTA 500 турнирінде төрелік етті

    Еліміздің төрешілері алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен WTA 500 турнирінде төрелік етті. Диера Әлжанова, Дамир Дүйсенбаев, Әлихан Еркінов және Эльвира Исламғалиева қапталдағы төреші ретінде іріктеу сайыстары ғана емес, финалға да қатысты. Бұл турнирге 44 төрешінің 18-і финалға іріктеп алынды. Bronze badge (қола белгі ақтан бір сатыға жоғары, — ред.) иегері Меруерт Кәукеева іріктеу, ширек және жартылай финал ...

    Read More »

    Қазақcтанның бірінші ракеткасы Александр Бублик қатарынан 10 рет жеңілді

    Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик халықаралық турнирде тағы да жеңіліп қалды. Ол Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан турнирде бірінші айналымынан шыға алмай, қарсыласы — швейцариялық Стэн Вавринкадан 6:7, 4:6 есебімен ұтылды. Осылайша, Бублик қатарынан оныншы рет жеңіліп қалды. Биыл Қазақстанның үздік теннисшісі әлі бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ. Ол соңғы рет былтыр  27 қазанда Швейцарияның  Базель қаласында өткен турнирде ...

    Read More »

    Рыбакина әлемдік рейтингіде оныншы орнын сақтап қалды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Mubadala Abu Dhabi Open-2023 халықаралық турнирінің ширек финалында жеңілсе де әлемдік рейтингте оныншы орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 45-тен 43-орынға көтерілді. Жұптық сында әлемдік рейтингте Анна Данилина 24-тен 25-орынға, ал Елена Рыбакина 111-ден 113-орынға түсті. Mubadala Abu Dhabi Open-2023 турнирінің ширек финалында Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездекен ...

    Read More »

    Теннисші Бублик жеңілісін ракеткасынан көріп, сындырып тастады (ФОТО, ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монполье қаласында өтіп жатқан АТР турнирінде алаң иесі Грегуара Баррердан 4:6, 7:6(14:12), 6:7(3:7) жеңіліп, жанкүйкерлердің көзінше мінез көрсетіп, бір ракеткасын кортта, тағы екеуін алаңның сыртында сындырып тастады. Сөйтіп, Бублик қарсыластарынан қатарынан тоғызыншы рет жеңіліп қалды. Ал Баррермен кездесуде ол тіпті, 14 рет қателік жіберді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА   The TRIPLE 😳😳😳#OSDF23 @OpenSuddeFrance pic.twitter.com/vTsNeFVJcA ...

    Read More »

    Рыбакина Abu Dhabi Open турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде қаласында басталған WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде жеңісіне жетті. Қазақстанның теннисшісі чехиялық Каролина Плишковамен ойнап, оны 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Каролина Плишкова бір кездері дүниежүзінің бірінші ракеткасы болған. Енді Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі. Беатрис екінші айналымда тағы бір қазақстандық, рейтингте ...

    Read More »

    Жас теннисшілер халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисшілер Томирис Нұржан мен Әмір Омарханов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Томирис Нұржан Испанияның Барселона қаласында өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирін жеңіп алса, Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің бас жүлдесін иеленді. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Томирис Нұржан финалда жергілікті ойыншыны 6:4, 6:2 есебімен жеңген. Жеңімпазға сыйлықты Каталония мэрі тапсырып, оның жеңіске деген жігерін атап өтіп, отандасымызды ...

    Read More »