Бүгін Лондонда әйелдер және ерлер арасында жекелей сында Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Еліміздің көшбасшы ойыншысы, жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы кездесуін америкалық Шелби Роджерспен өткізеді.
Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен күш сынасады.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик америкалық, Астанада челленджер жарысының чемпионы атанған Маккензи Макдональдпен кездеседі.