Теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
29 жастағы Дияс соңғы рет бір жарым жыл бұрын екі матч қана өткізді.
Ол Australian Open-2022 додасында алғашқы айналымда отандасы Елена Рыбакинаға есе жіберді. Ал былтыр «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалды.
Ұзаққа созылған жарақатына байланысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа орала алмай жүрген болатын.
Достар, бәріңізге сәлем! Мен енді қайта қалпыма келе жатырмын.Өздеріңіз білетіндей, мен иығымнан жарақат алғанмын. Енді бәрі ойдағыдай болып жатыр. Жақсы емделіп жатырмын. Хард төсенішінде АҚШ-та өтетін жарыстарға (шілденің аяғы) қосыламын ба деп отырмын, — деп жазды ол Instagram парақшасында.
Зарина Дияс еліміздің бірінші ракеткасы болған.