• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Александр Бублик рейтингте бірден 21 орынға көтерілді

    Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті. Осы тізімде Александр Бублик 48-орыннан бірден 21 орынға көтеріліп, әлемнің 27-ракеткасы атанды.

    Тізімде Тимофей Скатов — 138, Бейбіт Жұқаев — 239, Михаил Кукушкин — 259, Денис Евсеев — 320, Дмитрий Попко 343-сатыда тұр.

    Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында келеді.

    Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге сырғыды. Аружан Сағындықова 1064-тен 1022-ге шығып, мыңдыққа жақындады.

    Жұптық сында Анна Данилина — 24, Жібек Құламбаева 197-орында тұр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *