• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Месси «Интер Майами» клубына таныстырылады

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшы Лионель Мессидің жаңа клубындағы таныстырылымы өтеді.

    Munro Deportivo басылымының хабарлауынша, 16 шілдеде Лионель Мессидің «Интер Майами» клубымен таныстырылымы болады.

    Бірақ таныстырылымның болатын күні ресми түрде белгіленбеген. Ал билеттердің барлығы сатылып кетті. Стадион басшылығы аренаны 18 мыңнан 21 мыңға дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

    Сонымен бірге таныстырылым кезінде Серхио Бускестпен келісімшартқа қол қою рәсімі де өтуі мүмкін, — делінген материалда.

    Бұған дейін хабарланғандай, Месси Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында соңғы кезде болашақ командасына қатысты алып-қашпа әңгіменің болып жатқанын, Испанияның «Барселона» мен Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасында ойнамайтынын ескертіп,  таңдауды АҚШ-тың MLS лигасына жасағанын мәлімдеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *