• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина Уимблдон турниріне үшінші ракет болып тіркелді

    Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турниріне үшінші ракетка болып тіркелді.

    Ол осымен Уимблдон турниріне екінші рет қатысады. Былтыр теннисші турнирге алғаш рет қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

    Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулы теннисшілер қатарында күш сынасады. Жуырда ол Германияның Галле қаласында өткен жарысты жеңіп алған. Уимблдон турниріне Бублик 24-ракетка болып қосылады.

    Қазақстанның екінші, әлемнің 138-ракеткасы Тимофей Скатов та Уимблдон турнирінің  іріктеу турнирінде бақ сынайды.

    Сонымен бірге биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысына Юлия Путинцева да қатысады.

    Жұптық сында Анна Данилина, Александр Недовесов және Андрей Голубев Уимблдон кортына шығады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *