Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко теннистен Ұлыбританияның Ноттингем қаласы мен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты. Кукушкин Ұлыбританияжағы жарыста екінші айналымда франциядық Гарольд Майоны 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңді. Попко Братиславадағы турнирде хорватиялық Матей Додигтен 6:1, 6:4 есебімен басым түсті. Ол ширек финалда польшалық теннисшімен кездеседі. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Теннис
Карлос Алькарас алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирін жеңіп алды
Испаниялық теннисші Карлос Алькарас алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады RRaketkasi. Ол финалда әлемнің 4-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті 6:3, 2:6, 5:7, 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Осыған дейін Алькарас 2022 жылы US Open, өткен жылы Уимблдон турнирінде үздік шықса, енді оған Australian Open жарысының жеңімпазы атағы ғана жетпей тұр. Сонымен қатар испаниялық спортшы түрлі төсеніштегі үш бірдей «Үлкен ...
Read More »Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтингісінде көш бастады
Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. 15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді. Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар Нұрланұлы жекелей сында алты матч ойнап, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен ойнап, одан жеңілуге мәжбүр болды. Филипп Шатрье кортында италиялық теннисші матчты брейкпен бастады. Есеп 2:0 болғанда ол тағы бір брейк жасап, бірінші сетте 6:2 есебімен жеңді. Паолини екінші сетте де брейкпен 2:1 есебімен алға шықты. ...
Read More »Әмір Омарханов «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында ойнайды
Теннисші Әмір Омарханов Францияның Париж қаласында жасөспірімдер арасында жұптық сында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю мен аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті. Бұл ойында бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, Омарханов пен Дерепаско шешуші сәтте 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Екінші ...
Read More »Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннисші Жібек Құламбаева Италияның Бари қаласында жұптық сында өтіп жатқан WTA125 челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска мен румыниялық Ирина Барэні жеңді. Теннисшілер қарсыластарынан 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Енді Құламбаева мен Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, отандасымыз Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва немесе ...
Read More »Елена Рыбакина: «Олимпиадада бар күшімді жекелей сында жеңуге жұмсаймын»
Әлемнің төртінші, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Париж қаласында өтіп жатқан Францияның ашық чемпионаты кезінде БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұған дейін хабарланғандай, Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, одан Токио Олимпиадасы кезінде кеткен есені қайтарып, «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыққан болатын. Енді ол ¼ финалда Италияның ...
Read More »Әмір Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты
Теннисші Әмір Омарханов Ролан Гаррос» турнирінің жасөспірімдер арасында өтіп жатқан жарысында жұптық сында екінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге алғашқы ойынын франциялық Антуан Фато мен Даниэль Жадемен ойнап, оларды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Енді Омарханов – Дерепаско дуэті ширек финалға шығу үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық ...
Read More »Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жақындап келеді
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Осылайша әлемнің төртінші ракеткасы қарсыласына 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесянмен немесе италиялық Ясмине Паолинимен ойнайды. Теннисші Францияның ...
Read More »Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты
Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен ойнады. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға шыққанымен, бұдан кейін Қазақстан теннисшісі ойындағы басымдықты толық ...
Read More »