• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Қазақстан төрешілері WTA 250 турнирлерінің финалында қазылық етті

    Меруерт Каукеева мен Юлия Игнатченко WTA 250 турнирлерінің финалында мінбеде қазылық етті, деп хабарлады ҚТФ. Игнатченко Гонконгта WTA 250 жарысының соңғы бәсекесінде Диана Шнайдер мен Кэти Бултер ойынында төреші болды. Ал Каукеева Цзюцзяндағы (Қытайда) дәл осындай доданың финалында Виктория Голубич пен Ребекка Шрамкованың матчына қазылық жасады. Қазақстан теннис федерациясы 2009 жылдан бері төрешілер мектебін дамытуға күш салып келеді. Осы кезеңде ...

    Read More »

    Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

    Теннистен әйелдер арасындағы Қазақстан  командасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогының Оңтүстік Кореяға қарсы бірінші матчына қатысатын команда құрамын жария етті.  Ойын Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында 16-17 қараша күндері болады. Қазіргі таңда біздің спортшылар Кореяға қарсы ойнауға дайындалып жатыр. Ұлттық құрамадағы спортшылар қатарында Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева бар. Біздің құраманың көшбасшысы осы ...

    Read More »

    Пара спортшылар Парижге аттанды

    Еліміздің XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларының алғашқы легі Францияның астанасы Париж қаласына аттанды, деп хабарлады Qazaqstan.tv. Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты. Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатысады. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Пара жүзу спортшылары ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері «Уимблдон» турнирін сәтті бастады

    Теннистен Қазақстан құрамасының өкілдері Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлады olympic.kz. Михаил  Кукушкин алғашқы айналымда украиналық Виталий Сачконы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Оның  ендігі қарсыласы – франциялық Бенджамин Бонзи. Денис Евсеев франциялық Маттео Мартинодан 6:7, 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Енді ол екінші айналымда Францияның тағы бір теннисшісі Титуан Дрогемен кездеседі. Бейбіт Жұқаев өзінің ...

    Read More »

    Бүгін Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталады

    Бүгін Ұлыбританияның Лондон қаласында Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталады. Жылдың үшінші «Үлкен дулыға» жарысының іріктеу турниріне елімізден төрт бірдей теннисші қатысады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің ширек финалында рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен күш сынасады. Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеевтің қарсыласы – рейтингіде 171-сатыдағы франциялық Маттео Мартино. Рейтингіде 208-орындағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий ...

    Read More »

    Путинцева WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Финалда теннисші дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған Аустралия өкілі Айла Томляновичті 6:1, 7:6(8) есебімен жеңді. Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасап, партияны 6:1 есебімен аяқтады. Екінші партияда да  2:0 есебімен алға шыққанымен, оның қарсыласы дес бермеді. Енді Айла Томлянович 5:3 есебімен алға шықты. Дегенмен ...

    Read More »

    Рыбакина Berlin Ladies Open WTA 500 турнирін ерте аяқтады

    Теннистен Германияның астанасы – Берлин қаласында өтіп жатқан Berlin Ladies Open WTA 500 турнирінде әлемнің 4-ракеткасы, еліміздің үздік теннсишісі Елена Рыбакина жарыс жолынан шығып қалды. Ол турнирді 1/4 финалда аяқтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ширек финалда отандасымыз Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен ойнап, бірінші сетте (1:3) өзін жайсыз сезінуіне байланысты жарыстан шығатынын айтты. Ол ойынды ары қарай жалғастыра алмады. Рыбакина ...

    Read More »

    Әлемнің үздік теннисшілері Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр

    Әлемнің 10-ракеткасы тегі Тунистен шыққан франциялық теннисші Онс Жабер өз елінде болатын Олимпиялық ойындарға қатысудан бас тартты. Сонымен бірге Олимпиадаға Беларусьтің өкілі Арина Соболенко мен Ұлыбританияның спортшысы Эмма Радукану да қатыспайтынын айтты. Онс Гилл Олимпиадаға қатысты ойын әлеуметтік желіде түсіндіруге тырысты. Құрметті жанкүйерлер! Мен медициналық тобыммен кеңесе келе, Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешім қабылдадым. Қазір менің жарақатым тізіме батып тұр. Тізем ...

    Read More »

    Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің негізгі кезеңіне шықты

    Бейбіт Жұқаев теннистен Ұлыбританияның Илкли қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің іріктеу жарысында жақсы ойнап, негізгі кезеңге шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол әуелі әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фариямен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта қарсыласын 6:3, 6:7 (5:7), 6:1) есебімен жеңді. Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лоренмен ойында да 6:3, 6:1 есебімен ...

    Read More »

    Теннисші Айя Нұпбай ITF J200 Juniors Almaty турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Айя Нұпбай жұптық сында Алматы қаласында өткен ITF J200 Juniors Almaty турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда Полина Слепцова мен америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Тағы бір теннисшіміз София Исакова жекелей сында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында болған ITF J60 Juniors турнирінде отандасы Ариана Колбасинадан айласын асырды. Бұл матчтағы есеп 6:1 ...

    Read More »