• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Астана»

    Теңге ілуден ІІІ Азия чемпионатына қатысатын спортшылар

    Теңге ілу спортының қысқаша тарихы Ұзақ  жылдар бойы той-мерекелерде шағын көрсетілім ретінде ғана ойналып келген Теңге ілу еліміздің ұлтжанды азаматтарының күш салуымен Тәуелсіздік жылдары ұлттық спорт ойыны дәрежесіне көтеріле бастады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атқарған жүйелі жұмыстар 2013 жылдан бастап ұлттық спорт жарыстарын  халықаралық деңгейде өткізуді бір ізге түсірді. 2007 жылы Теңге ілудің арнайы Ережесі жазылып, ұлттық спорт түрлерінен өткізілген  ...

    Read More »

    Аударыспақтан III Азия чемпионатына қатысатын елдер

    Сонымен, Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының басталуына 6 күн ғана қалды. Жарыс уақыты таяған сайын жанкүйер көңілін «бұл дүбірлі додаға қанша мемлекет қатысады екен?» деген сауалдың жиі мазалайтынын жақсы білеміз. Сондықтан біз бүгін оқырман назарына чемпионатқа қатысатын мемлекеттер спортшыларының толық тізімін ұсынуды жөн көрдік. Ешбір ел мұндай бәсекеге осал спортшыларын әкелмейтіні белгілі. Төмендегі тізім ішінде шет мемлекеттердің таңдаулы саңлақтары бар. Еске ...

    Read More »

    Астанада мерекелік веложарыстар өтеді

    5 мамыр күні тас жолдағы веложарыстан екі бірдей жарыс өтеді. Алғашқысы Астананың 20 жылдығына арналған сынға 15-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысады. Ал екіншісі Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай 13-14 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында өтеді. Жалпы, жарыстарға 150-ге жуық қатысады делініп отыр. Бірінші жарыс Астана маңынан 20 шақырымда орналасқан Ильинка ауылында өтеді. 6 мамыр күні жігіттер мен қыздар қала маңындағы ...

    Read More »

    «Астана» тұңғыш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

    Бүгін Чехияның Прага қаласында «Славия» мен «Астана» клубтары кездесті. Бұл матчта бүкіл елдің үмітін арқалап барған «Астананың» ойыншылары алаң иелерін 1:0 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. Матчта жалғыз допты босниялық Марин Аничич соқты. Ол ойынның 38-минутында прагалық қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланып, допты бос қақпаның торына тоғытты. Бірінші таймның басында да соңында да Астананың» гол соғуға бірнеше ...

    Read More »

    Стойлов: Жыл бойы біз ешқандай сыйлықақы алмадық

    «Астана» футбол командасының бас бапкері Станимир Стойлов Оралдың «Ақжайығына» қарсы ойын жайлы әрі төртінші мәрте қатарынан ел чемпионы атанғаны туралы пікір білдірді. – Ішкі біріншілікте кезекті рет жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Жыл бойы тынбай еңбек еттік, міне осының арқасында жемісін көріп отырмыз. Кез келген командаға төрт дүркін ел чемпионы атану бақыты бұйыра бермейді. Бұл жеңіске клубымыздағы барша қызметкердің еңбегі сіңді. Ал ...

    Read More »

    Вахид Масудов: «Астана» Еуропада ойнап, елімізде үстемдік құрып отыр

    «Ақжайық» командасының бас бапкері Вахид Масудов «Астанаға» қарсы ойын туралы ой бөлісті. – Өте ауыр ойын өткізгеніміз белгілі. Командалардың деңгейі жер мен көктей. «Астана» екі күн бұрын ойын өткізгеніне қарамастан, бірінші минуттан бастап қыспаққа алумен болды. Екі голдан да көбірек соғатын мүмкіндіктері болды. Ал біз қарсы шабуыл арқылы ойнауға әрекет еттік, бірақ ол ойымыз жүзеге аспады. Қолымыздан келгенше қарсылық көрсеттік, ...

    Read More »

    «Астана» өз алаңында «Славиямен» тең түсті

    Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 2-турда «Астана» өз алаңында Чеxияның «Славия» командасын қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Кездесудің 18-минутта қонақтар есеп ашып алға шықты. Айып добынан әуелей келген допқа Нгадеу-Нгаджуи бірінші болып жетіп, маңдайымен дәл соққы жасады. Бұл тұста қақпашы Ненад Эрич тосқауыл бола алмады. Жерлестеріміздің алғашында жоспары өрге жүрмегенмен, бірінші таймның соңына таман ойынды өз қолдарына алды. Матчтың 42-минутында Джуниор Кабананганың ...

    Read More »