• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Астана»

    Астанада Журналистер саябағы ашылды (ФОТО, ВИДЕО)

    Бүгін Астанадағы «Егемен Қазақстан» газетінің көшесінде Журналистер саябағы ашылды. Оның ашылу рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы, белгілі қаламгерлер Сауытбек Абдрахманов, Жанат Елшібек, Жанболат Аупбаев пен басқа да журналистиканың ардагерлері мен БАҚ басшылары қатысты. Салтанатты іс-шарада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, жиналған қауымды аллеяның ...

    Read More »

    «Елорда кубогы»: Астанада бокстан халықаралық турнир өтеді

    27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанадағы «Beeline Arena»спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ халықаралық «Елорда кубогы» турнирі өтеді. Оған 12 елден 200-ден астам спортшы қатысады. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия мен басқа да елдердің өкілдері бар. Ерлер 13 салмақ дәрежесінде (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, ...

    Read More »

    Abay CUP-та «Абай» мектебі топ жарды (ФОТО)

    Астанада 1 маусым – балаларды халықаралық қорғау күні шағын футболдан Abay CUP турнирі өтті. Елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының қолдауымен өткен турнирге 2012-2013 жылы туған балалардан құралған алты команда қатысты. Бұл жолғы турнирдің ерекшілігі, арнайы челенжден басталды. Яғни, бір уақытта Астанадағы бірнеше мектепте дәл осындай турнир бастау алды. Сондай-ақ, қатысушы барлық командаға жүлделер мен медальдар үлестірілді. Жарыс айналмалы жүйеде ...

    Read More »

    Көркем гимнастика: Спартакиадада Шымкент спортшылары жеңіске жетті

    Бүгін Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Бұл жолы жекелей сында еліміздің әр өңірінен келген 54 гимнаст сынға түсті. Ал топтық жаттығуда 12 команда бақ сынады. Бұл қатарда Елжаңа Таниева, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сынды халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама өкілдері бар. Шығыршықпен өнер көрсетуде ұлттық құрама көшбасшылары ешкімге дес ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров турнирінде алты балуан жеңімпаз атанды

    Бүгін Астана қаласында даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еліміздің әр өңірінен келген балуандармен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан Республикасы мен Израильдің үздік 164 спортшысы 3 күн бойы өзара сынға түсті. Қазақ балуандары арасынан Айбек Айтбеков (55 кг), Олжас Ерғали ...

    Read More »

    Астанада бокстан бұрымдылардың әлем чемпионаты өтеді

    2024 жылы Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы IBA президенті Умар Кремлев айтты, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Мен Қазақстан сияқты мықты бокс шеберлері бар жерде IBA ірі турнирінің өтетініне қуаныштымын. Бұл жарыс 2016 жылы Астанада өткен, — деді Умар Кремлев Ташкентте өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) директорлар кеңесінде. Сондай-ақ ол жарыстың жүлде қоры екі есе өскенін атап ...

    Read More »

    Астанада хоккейден халықаралық турнир басталды

    Астанада хоккейден халықаралық Qazaqstan Hockey Open 2023 турнирі басталды. 7 мамырға дейін өтетін турнирге Қазақстан, Ресей және Беларусь командалары қатысады. Қазақстан құрамасы кеше кешке алғашқы матчын Ресейге қомандасына қарсы өткізді. Бүгін Беларусь құрамасымен кездеседі. Бұл халықаралық турнир Қазақстан хоккейшілері үшін әлем чемпионаты алдындағы дайындықтың бір кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Ал 13 мамырда Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига ...

    Read More »

    Мағжанның аттасы, Сәкеннің сарқыты

    1953 жылдың мамыр айының басы. Жазиралы Жаңаарқа жерінде Жеңіс мерекесі атап өтілген күннің ертеңінде партия қызметкері Садыханның шаңырағында шекесі торсықтай ұл дүниеге келді. Сол жылы Алаштың айбоз ақыны Мағжан Жұмабайұлының туғанына 60 жыл толды. «Халық жауы» атанып, қанды 1938 жылы атылған, ардақты есімі айтылмай, мұрасы жабулы қазан жабулы күйінде жатқан Мағжанның мерейтойы аталмады. Алайда ақынның шығармашылығынан хабардар әке ұлына Мағжан ...

    Read More »

    Астанада тағы бір жүлде қоры көп жарыс өтеді

    23-30 сәуір аралығы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында («Beeline Arena») шахматтан ерлер мен әйелдер арасында Kazakhstan Chess Cup ашық турнирі өтеді. Оған Александр Рахманов (FIDE), Тамир Набати (Израиль), Тимур Гареев (АҚШ), Виталий Сивук (Украина), Денис Махнев (Қазақстан) пен басқа да шахматшылар қатысады. Ашық турнирге қатысушылардың рейтингі есепке алынбайды. Жарысқа жарнасын төлеген адамдар мен екі санаттан төмен емес шахматшылар жіберіледі. Турнирге жарнасыз ...

    Read More »

    Тағы бір Қазақстан шахматшысы әлемнің төрт дүркін чемпионын ұтты

    Астанада шахматтан алғаш рет өтіп жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матчта Меруерт Камалиденова әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хо Ифанды ұтты. Меруерт Камалиденованың өзі шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, классикалық шахматтан былтырғы жылғы Қазақстан чемпионы. Жасы – 17-де. Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ол әлемнің мықты шахматшыларының бірі саналатын Қытай өкілін аса қиналмай, сенімді түрде жеңді. Бұған дейін ...

    Read More »