Кеше Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында Олимпиада чемпионы Қаныбек Осмоналиевтің жүлдесіне арналған ауыр атлетикадан XXXVII халықаралық турнир басталды. Ол 26 желтоқсанда бітеді. Турнир Қаныбек Осмоналиевтің 1980 жылы Мәскеу қаласында өткен Олимпиада ойындарындағы жеңісінің 45 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінен 141 спортшы қатысып жатыр. Бүгін ұлттық құраманың өкілі Ақмолда Сайрамкез өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 120 ...
Read More »Tag Archives: турнир
BAQ Open by Beeline Janymda турнирінің жеңімпаздары анықталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан теннис федерациясы мен Beeline Қазақстан компаниясының қолдауымен БАҚ өкілдері арасында BAQ Open by Beeline Janymda турнирі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Астана, Алматы және Тараздан БАҚ өкілдері топтық бәсеке мен плей-офта ойнап, «Мастерс» пен «Фьючерс» санаттары бойынша медальдар мен ынталандыру жүлделерін сарапқа салды. Турнирге 37 қатысушы жиналды. Жүлдегерлер арасынан жаңа есімдер ...
Read More »Желтоқсан батырлары әлі де бабында
Желтоқсан батырларын есте сақтап, олар туралы үгіт-насихат жұмысын бір сәт тоқтатуға болмайды. Өйткені, олар тәуелсіздігімізді қан төгіп жеңіп алып берген алтын ұрпақтың тамыры болып таралады. Биыл міне, Желтоқсан көтерілісіне 39 жыл толып отыр. Алла нәсіп етсе ендігі жылы 40 жылдық тарихи датаны қарсы аламыз. Қарап отырсақ, қаншама жылдар арада зырлап өте шыққан. Бүгінде бастарын ақ басып, шау тартқан Желтоқсан батырлары ...
Read More »Түркістан төрінде төл күресімізден Әлем кубогы басталды
Түркістан қаласында қазақ даласының даңқты батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогы салтанатты түрде басталды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Төл спортымыздың мәртебесін арттыруды мақсат еткен халықаралық доданың ашылу рәсіміне Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, спортшыларға ...
Read More »Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды
Алматы қаласында ATP 250 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен рейтингіде 41-орында тұрған франциялық Корентен Муте жеңімпаз атағын сарапқа салды. Бірінші партия 7:5 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Екіншісінде франциялық спортшы есе қайырды. Есеп – 6:4. Дегенмен шешуші сетте Медведев 6:3 есебімен алға шықты. Осылайша, өз спорттық жолында ATP жарыстарында ...
Read More »Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен ойнады. Бұған дейін қарсыластар төрт рет кортқа шығып, соның үшеуінде ресейлік спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да бірінші партияда ресейлік теннисші 6:3 есебімен жеңді. Содан кейін Елена Рыбакина екінші сетте 6:0 есебімен ...
Read More »Таеквондошылар Черногорияда екі медаль жеңіп алды
Таеквондодан Черногорияның Подгорица қаласында өткен G-1 санатындағы турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Мақсат Орынбасар жарыстың жеңімпазы атанды. Ол 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұл турнирге 24 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »«Жетінші жеңіс»: Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирінде титул алды
Кореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азияның бейресми чемпионаты саналып келген беделді ITF Juniors турнирі (J300 санаты) мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Финалда 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткамыз Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен (әлемдік рейтингте 41-орында) кездесті. Бұған ...
Read More »Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды
Теннисші Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар Нұрланұлы кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Турнир отандасымыз қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ. Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 ...
Read More »Бота балуандардың бағын ашар турнир
Жапондар дзюдосын, кәрістер таеквондосын әлемге қалай танытқаны сияқты бізде өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі төл күресімізді төрткіл дүниеге кеңінен насихаттау жолында бар күш-жігерімізді, қолымыздан келген мүмкіндігімізді аянып қалмауымыз керек. Елімізде қазақ күресінің дамуы жолында өтетін дүбірлі жарыстар көп деп айта алмаспыз. Солардың бірі әрі бірегейі Райымбек Түкеұлы атында жасөпірімдер арасында республикалық дәстүрлі аламан жекпе-жек болып саналады. Батыр бабамыз Райымбек туған ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары