• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан чемпионаты

    Шымкентте бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті

    Бүгін Шымкент қаласындағы ипподром алаңында бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті, деп хабарлады Halyq Uni. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, ҚР «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев арнайы қатысқан. Бәйге — халқымыздың қанына сіңген спорт түрі. Бұл қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өзіне тән ерекшелігі. ...

    Read More »

    Маңғыстаулық жас балуан ел чемпионатында үшінші орын алды

    Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі (U-15) жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Сағынбай Мұхамбетали 41 кг салмақта сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Ол боз кілемге бес рет шығып, Түркістан облысы, Алматы облысы, Жетісу облысының палуандарын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалда Алматының балуаны Дамир Қалиден жеңіліп, үшінші орын үшін белдесуде Батыс Қазақстан облысының өкілін ...

    Read More »

    Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталды (ВИДЕО)

    Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталды. Премьер-лиганың (бұрынғыша – Жоғары лига, — ред.) бірінші матчы Шымкен қаласында болды. Онда Қажымұқан атындағы стадионда маусымашар матчта жергілікті «Ордабасы» мен Ақтаудың «Каспий» командалары кездесті. Ойында 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Биылғы маусымның алғашқы голын Шымкент қаласының командасына жаңадан қосылған Бауыржан Исламхан салды. Ол екі жыл үзілістен кейін голдың авторы атанды. Исламхан матчтың 16-минутында ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды

    Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының және кубогының ойын күнтізбесін жариялады. Биыл Премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатына 14 команда сынға түседі. Олардың қатарында «Жетісу» (Талдықорған), «Ақтөбе», «Астана», «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент), «Каспий» (Ақтау), «Тобыл» (Қостанай), «Ақсу» (Павлодар облысы), «Қайрат» (Алматы), «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Окжетпес» (Көкшетау) командалары бар. Алғашқы турда 4-5 наурыз күндері «Жетісу» мен «Ақтөбе», «Астана» мен ...

    Read More »

    Боксшыларға Қазақстан чемпионы атануға бір қадам қалды

    Осы күндері бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер болады. Назарларыңызға барлық салмақ дәрежелерінде жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлерін ұсынамыз: 48 кг Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) — Рысхан Тәліп (Шымкент) Ернар Қарап (Абай облысы) — Ернұр Қайрат (Алматы) 51 кг Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы) — Жомарт Ержан (Түркістан облысы) Кенже Мұратұлы (Алматы облысы) — Даниял ...

    Read More »

    Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады

    Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ қауымдастығының президенті Әділет Барменқұлов Ұлытау облысының әкімдігі мен футбол федерациясының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуде өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысында кәсіби футбол клубының құралатынын, жаңа команда келесі жылдың наурыз айында басталатын Қазақстан чемпионатының екінші лигасына қатысуға өтінім беру үшін күш-жігерін жұмсау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясы ...

    Read More »

    Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

    Астанада ауыр атлетикадан Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы жеке-командалық чемпионаты басталды. Ел чемпионатына 19 облыстан және Астана мен Алматы қаласынан 180-нен астам спортшы қатысады. Жарыс 29 қарашада бітеді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

    Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні аралас командалық жарыстар өтті. Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес, дзюдошылар алты салмақ дәрежесінде күресті (әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг, ерлер -73 кг, -90 кг және +90 кг). Аралас командалық Қазақстан чемпионатына барлығы 18 команда қатысты. Нәтижесінде Жетісу облысының командасы чемпион атанып, финалда Маңғыстау облысын 4:3 есебімен жеңді. Атырау және Алматы ...

    Read More »

    Дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

    Атырау қаласында дзюдодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Алғашқы күні ерлер 60 кг, 66 кг, әйелдер 48 кг, 52 келі салмақтағы мықтыларды анықтады. Бұл салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 60 кг: Қанат Сейілхан (Атырау облысы) Мерей Марханбетов (Маңғыстау облысы) Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы) Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы) 66 кг: Есет Қуанов (Ақтөбе облысы) Сұңғат Жұбатхан (Маңғыстау облысы) Айболат Ыстыбай (Атырау облысы) ...

    Read More »

    «Жетісу» клубы өз түлектерін өзекке теуіп жүр

    Әдетте, біз спорт жайлы әңгіме қозғай қалсақ, Жетісу өлкесін таланттар мекені дейміз. Расында да солай. Спорттық салада талайды таңғалдырып, әлемде атой салған ұландарымыз аз емес. Әйтсе де, футболға келгенде кенжелеп қаламыз. Жетісу жерінде футболшы жоқ деуге келмейді. Бар, бірақ олар өзге өңірлерде доп теуіп жүр. Мәселен, Жетісу футбол мектебінен қанаттанған Серікжан Мужиков, Берік Шайхов, Рафхат Аслан секілді үздіктеріміз өзге клубтарда. ...

    Read More »