• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін елге келе жатыр

    Боксшы Геннадий Головкин футболдан Еуро-2024 іріктеу турниріне қатысып жатқан  Қазақстан ұлттық құрамасын Солтүстік Ирландия командасымен матчта қолдау үшін елге келеді. Ол әлеуметтік желіде Қазақстан құрамасының ойынын тамашалайтынын жазды. Жақында үйімізге ораламыз. Ең алдымен, футболдан ұлттық құрамамызды қолдап, жанкүйерлер жанынан табыламыз, — деді ол Instagram-да. Еске сала кетсек, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының матчы Астанада 10 қыркүйекте болады. Кеше ұлттық құрама ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы төртінші орынға түсті

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы H тобында төртінші орынға түсіп қалды. Қазақстан мен Финляндия матчынан кейін осы топтағы басқа командалардың ойындарының нәтижесі белгілі болды. Н тобында Қазақстан құрамасынан кейін үшінші орында келе жатқан Дания командасы өз алаңында Сан-Марино жасағымен кездесіп, 4:0 есебімен ұтты. Словения Солтүстік Ирландияны 4:2 есебімен жеңді. Осы есептен кейін Дания мен Словения 3 ...

    Read More »

    Мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық — Магомед Адиев

      Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев ұлттық құраманың Финляндия командасымен ойыны туралы ойын айтты. Ұтылдық. Басқа не айтамыз?! Таблодағы есеп ойынға сай. Бір әттеген-айы, матчы тең аяқтауға болатын еді. Олардың да өз мүмкіндіктері болды, бізде де болды. Ойын кезінде есеп тең болады деген ой келді. Бірақ гол жіберіп алып, өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Алаңның ортасында қарсыластан басым түсуді қаладық. ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді

    Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Финляндия командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчқа дейін Н тобында құрамалардың еншісінде 9 ұпайдан бар еді. Кешегі ойында Финляндия футболшылары жалғыз гол салып, екі командаға да маңызды болған 3 ұпайды алды. Жалғыз голды 78-минутта Оливер Антман салды. Сөйтіп, қонақтар 12 ұпаймен Н тобындағы бірінші орынын сақтап қалды. Ал Қазақстан ...

    Read More »

    Қазақстан – Финляндия матчына арнайы автобустар стадионға қатынайды

    Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің аясында болатын Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командаларының матчына жанкүйерлерді арнайы автобустар апарады. Астананың бес тұрақ торабынан арнайы шаттл-автобустар жүреді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Автобустар мына жерден қатынайды: — «Астаналық цирк» автотұрағы; — «Қазақстан» СК автотұрағы; — «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы; — «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан құрамасы көш бастады

    Польшаның Быдгощ қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің тоғызыншы командалық әлем чемпионаты болып жатыр. Қазір А тобына түскен Қазақстан құрамасы Үндістан мен Египет құрамаларын жеңіп, 4 ұпаймен көш басына шықты. Әлем чемпиоантының алғашқы күні барлық команда 2 тур ойнады. Ұлттық құраманың жетекші ойыншысы Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439) египеттік Шрук Вафаны, сосын Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162) Шахенда Вафаны ұтты. Ал Ксения ...

    Read More »

    Финляндияны жеңе аламыз – Магомед Адиев

    Бүгін футболдан 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Финляндия командаларының матчының қарсаңында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев ойын туралы өз ойын айтты. Ол БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында Финляндия құрамасының бас жаттықтырушысының жақсы команда жасақтап алғанын, ойыншыларының бәрі сыннан сүрінбей өткен тәжірибелі футболшылар екенін атап өтті. Финляндия оңай қарсылас емес. Оларда шабуылда үш жақсы ойнайтын ...

    Read More »

    US Open: Қазақстан теннисшісі финалға шықты

    Теннисші Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты. Ол финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапон теннисшісі Ена Шибахара мен хорват спортшысы Мате Павич жұбымен кездесіп, қарсыластарын 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтты. Бұл матч бір жарым сағатқа созылды.  Кездесуде қазақстандық жұп 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді. Енді ...

    Read More »

    Волейболдан АЧ: Қазақстан құрамасы бесінші орын алды

    Волейболдан әйелдер арасында Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бесінші орын алды. Қазақстан құрамасы чемпионаттағы соңғы ойынында Оңтүстік Корея командасын жеңгенімен, турнир кестесінде бесінші орынды қанағат тұтты. Құрамалар бесінші орын үшін ойнаған еді. Бұл жолы ұлттық құрама бірінші сетте 26:24 есебімен жеңсе, екіншісінде 25:23 есебімен басым түсті. Шешуші үшінші сетте қарсыласын 25:23 есебімен ұтты. Осылайша жалпы есепте ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 7 қыркүйекте Финляндия және 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландия құрама командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 26 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін ...

    Read More »