• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    XIX Азия ойындары: Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді

    Қытайдың Ханчжоу қаласында еліміздің мемлекеттік туы көтерілді.  Мемлекеттік туды көтеру салтанатына Қазақстан делегациясының құрамындағы спортшылар мен команданың басқа мүшелері қатысты, деп хабарлады Olympic.kz. Салтанатты рәсім тиісті деңгейде өтті. Оған осында келген спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, делегацияның басқа да мүшелері қатысты. Кешеден бері кейбір спорт түрінен жарыстар басталып кетті. Мәселен, академиялық ескек есуден әйелдер және ерлер коамандасы финалға шығып үлгерді. Мемлекеттік ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан құрамасы Қытайға барды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрамасы XIX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына барды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қытайға спортшылар мен команда өкілдері Алматыдан чартерлік рейспен жетті. Азиадаға бірінші болып бокс, жүзу, үстел теннисі, үлкен теннис, нысана көздеуден, су добынан әйелдер құрамасы, семсерлесу, спорттық гимнастика, дзюдо, регби-7, гандболдан ерлер командасы аттанды. Енді бұдан басқа да спортшылар жарысқа қатысу үшін кестесіне ...

    Read More »

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу тобында көш бастады (ВИДЕО)

    2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің кезекті ойынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Румыния командасымен кездесті. Матч 4:3 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда ұлттық құрамада Дуглас, Альберт Ақбалықов, Эдсон мен Біржан Оразов бір-бір голдан салды. Румыния құрамасында Маня дубль жасаса, Сассе ойнының соңында есепті бір голға қысқартты. Осы жеңістен кейін кейін ұлттық құрама 6 ұпай жинап, өз тобында ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан боксшылары тағы бес күн дайындалады (ВИДЕО)

    Бүгін бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы Алматы халықаралық әуежайынан Қытайдың Ханчжоу қаласына XIX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін бірінші чартерлік рейспен ұшып барады. Түске дейін Бокс федерациясының президенті, меценат Кеңес Рақышев аэропортқа құрама команданы шығарып салуға барып, боксшылар мен жаттықтырушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан делегациясының басты үміті — боксшылар — Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарына аттанды. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың шәкірттері бірінші ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары XIX Азия ойындарына аттанды (ФОТО, ВИДЕО)

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасымен кездесті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Сары құрлықтың басты жарысы 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін ...

    Read More »

    Алға, XIX Азиадаға!

    Бүгін Алматыға таяу орналасқан Кешенді Олимпиадалық даярлау орталығында Қазақстан ұлттық құрама командасын Қытайдың ХАНЧЖОУ қаласында өтетін XIX жазғы Азия ойындарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.  Қазақстаннан Азиада тарихында ең көп спортшы — 525 атлет баратын бұл жолғы салтанатты шығарып салуға таяуда ғана тағайындалған туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы Маржықбаев арнаулы келіп,спортшыларымызға ақ жол мен жеңіс тіледі.  Бұл шараға Қазақ ...

    Read More »

    Қазақстан Олимпиадаға 100-ге жуық лицензия алуды мақсат етіп отыр  

    Келесі жылы Францияның астанасы – Париж қаласында өтетін Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады. Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Туризм және спорт министрлігі Қазақстан командасын Париж Олимпиадасына дайындау үшін ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрды. Сондай-ақ, жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің ...

    Read More »

    Конькимен жүгіруден ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алды

    Ресейлік спортшылар Кристина Силаева мен Елизавета Голубева конькимен жүгіруден Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді, деп хабарлады Zakon.kz. Ресей конькишілер одағы жиналыс өткізіп, Кристина Силаева мен Елизавета Голубеваны Қазақстан құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді Одақтың атқарушы комитеті Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясының өтініші негізінде қабылдады, деп жазды ресми сайт. Атқару комитеті ресейлік спортшыларға 24 айлық карантин енгізуге бірауыздан ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасының қарсыластары анықталды

    Қытайда су добынан өтетін Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды. Турнир 25 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді. Ұлттық құрама 2-7 қазан аралығында өнер көрсетеді. Жарысқа келген барлығы 8 құрама екі топта ойнайды. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Олар алдымен 2 қазанда  Гонконг командасымен, 3 қазанда Жапонияның ватерполшыларымен, 4 қазанда Сингапур құрамасымен ойнайды. Одан кейін 5 ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан күміс жүлдегер атанды

    Шахматтан Польшаның Быдгощ қаласында  өткен командалық әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдегер атанды. Финалда қыздар құрамасы Грузия командасынан екі матчта да  1,5-2,5, 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды. Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті. Қола жүлдені Франция құрамасы жеңіп алды. Француздар  үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларын ұтты. Еске ...

    Read More »