• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары басталды

    Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Ар-Риядта Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Green Halls кешенінде өткен ауқымды іс-шарада 80-нен астам мемлекеттің өкілдеріне түрлі қойылымдар, жекпе-жек түрлерінің ерекшелігі жайлы көріністер ұсынылды. Елімізде жекпе-жек түрлері тиісті деңгейде дамып жатыр. Оның үстіне халықтың басым бөлігі аталған спортты тұрақты бақылап отырады. ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы камбэк жасады (ВИДЕО)

    Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде сегізінші ойынын Финляндия командасына қарсы өткізді. Ойын Хельсинкидегі «Олимпьяштадион» стадионында болды, деп хабарлады Қазақстар футбол федерациясы. Бірінші таймда Роберт Тейлор салған голдың арқасында Финляндия құрамасы алға шықты. Үзілістен кейін ұлттық құрама ессепті теңестірді. Қақпаны пенальтиден Бахтиер Зайнутдинов дәл көздеді. Ал матчтың 89-минутында Рамазан Оразовтың бұрыштама добынан кейін «Бешикташ» ойыншысы дубль жасады. Ол ...

    Read More »

    ІV Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары 14 жарысқа қатысады (ВИДЕО)

    22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ІV Азия Пара ойындары болады. Осы жарысқа елімізден 131 спортшы қатысып, спорттың 14 түрінен күш сынасады. Олар 485 медаль үшін жарысады. Қазақстан спортшылары жарыстың пара таеквондо, пара велоспорт, пара каноэ, пара ескек есу және бочча түрінен Азия пара ойындарында алғаш рет өнер көрсетеді. Ойындардың ашылуы мен жабылуы салтанатында еліміздің туын ұстаушылар волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері ...

    Read More »

    EURO-2024: Финляндия-Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі Финляндия мен Қазақстан ұлттық құрама командаларының матчының төрешілері белгілі болды. Ойын бүгін Астана уақытымен сағат 22.00-де Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Матчта Босния және Герцоговинаның төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Бас төреші — Ирфан Пельто, қапталдағы төрешілер — Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо. Төртінші төреші — Милош Гигович. Қазір 7 турдан кейін ...

    Read More »

    IV Азия пара ойындары: Қазақстан спортшылары Қытайға аттанды

    Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасын IV Азия пара ойындарына ресми шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Сары құрлықтың басты бәсекесі 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында болады. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Олар 14 спорт түрінен, яғни пара жеңіл атлетика, бочча, пара пауэрлифтинг, шахмат, пара жүзу, пара велоспорт, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды ...

    Read More »

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан іріктеу кезеңінде төртінші рет жеңіске жетті (ФОТО, ВИДЕО)

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінде қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Бұл жолы ұлттық құрама Әзербайжан командасымен кездесіп,3:2 есебімен басым түсті. Матчта алаң иелері 0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасады. Ойында командалар бірінші минуттан бастап аңдыспай, бірден шабуылға шықты. Соның нәтижесінде бірінші болып қонақтар есеп ашты. 4-минутта Амадеу голдың авторы атанды. Одан кейін 8-минутта Апшерон ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан 11-орынға көтерілді

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бүгінгі алтын жүлденің арқасында жалпыкомандалық есепте 11-орынға көтерілді. Топ басына алаң иелері – Қытай Халық Республикасының спортшылары орналасып отыр. Олар 59 алтын, 39 күміс және 13 медаль алды. Екінші орында Оңтүстік Кореяның өкілдері келеді. Таңғы шық елінің спортшылары 15 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлдені жеңіп алды. Одан кейінгі сатыда ...

    Read More »

    Азиадаға қатысқан спортшылардың алғашқы легі елге келді

    Алматы халықаралық әуежайына  Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы ұшып келді. Олардың арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар. Әзірше Азиадада төрт күннің нәтижесі бойынша еліміздің спортшылары 2 күміс, 7 қола жүлде алды. Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады. Ал кеше Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    «Өзен жағалағанның…» …жеңісі қалтасында!

    Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған XIX жазғы Азия ойындары ауыздығын сүзе тартқан сәйгүліктей заулап бір берді дейсің! Көзді ашып-жұмғанша көптеген жарыс мәреге жетіп,жеңімпаздар мен жүлдегерлер мәз-мәйрам болып,аспанға секіріп жатыр. Ойындардың командалық есептегі жеңімпазын ойлап бас қатырып керегі жоқ: ол — Қытай ұлттық құрама командасы!!! Алғашқы күнгі жарыстан соң-ақ 20-дан аса алтын жүлде алып қойған қытайлықтар,бүгін,дүйсенбінің күні жартыламай-ақ ол алтындарын отыздан асырды! ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы матчтарға тізімін жарияланды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 14 қазанда Дания командасымен және 17 қазанда Финляндия құрамасымен болатын матчтарға шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Жалпы тізімге 34 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – ...

    Read More »