• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

    13 маусымда Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталады.

    Чемпионат басталар алдында қалыптасқан дәстүр бойынша жеребе тартылып, оның қорытындысы бойынша отандастарымыздың алғашқы қарсыластары анықталды.

    Сонымен… ерлер арасында 60 келіге дейін Мағжан Шамшадин  Дэвид Тераомен (АҚШ) белдеседі.

    Шерзод Давлатов Харим Ли (Оңтүстік Корея) мен Дэниэль Леутгеб (Австрия) арасындағы белдесуде жеңген спортшымен күш сынасады.

    66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев Мартин Сетц (Германия) пен Цзыян Сюэ (Қытай) жекпе-жегінде бағы жанған балуанмен татамиге шығады.

    73 келіге дейінгі белдесуде  Есет Қуанов Жоан-Бенжамен Габа (Франция) мен Даниэль Сегеди (Венгрия) күресінде аты озған адаммен иық теңестіреді.

    81 келіге дейінгі сында Абылайхан Жұбаназар мен Петру Пеливанның (Молдова) белдесуі болады.

    90 келіге дейінгі салмақта Мейірлан Максим мен Алексис Матьенің (Франция) күресін күтеміз.

    100 келіге дейінгі күресте Нұрлыхан Шархан мен Баймұрат Мажанов (Түрікменстан) бақ сынайды.

    Марат Байқамұров  Заиль Рамирес (Куба) пен Миллимоно Абдулайенің (Гвинея) белдесуінде жеңген балуанмен татамиде кездеседі.

    100 келіден аса салмақта Ерасыл Қажыбаев  Ким Минджонмен (Оңтүстік Корея) шеберлігін сынап көреді.

    Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі сында Әбиба Әбужақынова  Марина Воробьева (Ресей) мен Андреа Стоядинов (Сербия) күресінде мықты болған қарсыласымен жолығады.

    Ғалия Тыңбаева  Эмбер Херсйэсмен (Нидерланд) татамиге шықса, 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова Кайя Кайзермен (Словения) күреседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *