Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамның астанасы – Ханой қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогы топтық кезеңінің бесінші матчында Филиппин құрамасымен ойнап, 0:3 (21:25, 15:25, 19:25) есебімен есе жіберді.
Филиппин В тобында бірінші орынға шықты. Осыған дейін Қазақстан 12, Филиппин 10 ұпай жинаған еді. Сондықтан ұлттық құрамаға өз тобында бірінші орында қалуы үшін 2:3 есебімен жеңілсе де, жеткілікті еді. Алайда отандастарымыздың Филиппин волейболшыларымен жолы болмай, екінші орынын сақтап, 1/2 финалға шықты.
Енді Қазақстан жартылай финалда Вьетнам командасымен ойнайды. Бұл елдің құрамасы турнирдің басты фавориті. Былтыр ұлттық құрама финалға дейін жетіп, Вьетнамның дәл осы командасынан жеңілген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА