• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Қайрат» ФК

    «Қайрат» клубына бразилиялық футболшы қосылды

    Бразилияның футболшысы Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Алматының «Қайрат» футбол клубның қатарына қосылды. 

    Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін жасалды.

    Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында туған. Ол 28 жаста. Бойы – 190 см, салмағы – 80 кг.

    Футболшы алғаш рет жасыл алаңға «Вело Клуб» командасының сапында шыққан. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Португалияның «Марко 09» мен «Вилаверденсе» клубтарында ойнады.

    Футболшы өткен маусымда «Целемен» бірге Конференция лигасының ширек финалына дейін жетті. «Нью Сейтнске»-ке қарсы ойында екі гол соғып, көзге түсті. Бұл турнирде словениялық команда италиялық «Фиорентинадан» жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын, — делінген хабарламада.

    Эдмилсон Словенияда екі маусымда 73 рет ойнап, 19 гол салып, 8 нәтижелі пас берген. Одан басқа Словения Бірінші лигасы мен Словения кубогын жеңіп алған.

    «Қайрат» клубының мәліметіне қарағанда, ол жақын арада Талдықорғанның «Жетісу» командасына қарсы ойнауы мүмкін.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *