Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында академиялық есуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алса, спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижемен күміс жүлдені иеленді.
Осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға шықты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА