Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында отандасымыз Италия спортшысы Ассунта Скуттоға есе жіберді. Осылайша Әбиба Әбужақынова финалға дейін жетіп, отандық дзюдо тарихында әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы атанды.
Спортшылар 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде үшін таласып, жеңіс италиялық спортшыға бұйырған еді, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Әбиба Әбужақынова бұған дейін 3 жыл қатарынан әлемдік додада жартылай финалға шығып, екі мәрте қола жүлдегер (2022, 2024) атанған болатын.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының марапаттау рәсіміне қатысты.
Министр әйелдер арасында 48 келі салмақта жүлдеге ие болған спортшыларды марапаттады.