Вьетнамның астанасы — Ханой қаласында волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан қола жүлде үшін ойында қарсыласынан жеңіліп қалды.
Ұлттық құраманың қыздары Қытайдың Тайбэй командасымен алаңға шығып, одан 1:3 (13:25, 16:25, 13:25) есебімен есе жіберді.
Былтыр отандастарымызға Азия Ұлттар кубогын жеңіп алуға бір қадам жетпей қалға еді. Сол кезде құрама команда күміс жүлдеге ие болса, биыл мүлдем жүлдеден тыс қалды. Оның бір себебі — топтық турнирде Иранмен ойында құраманың капитаны Сана Анарқұлованың жарақат алып қалуы. Осы жағдай команданың ойынын қиындата түскен сияқты.
Қазақстан әйелдер құрамасы 2000-жылдардың ортасынан бері Азия турнирлерінде жүлделі орындардан көрініп, Қытай, Жапония, Корея, Таиланд сияқты елдермен иық теңестіріп бәсекелесетін еді. Ал қазір Филиппин, Қытайдың Тайбэй командаларына жеңіліп, деңгейін түсіріп алып отыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА