• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Жеті жүлде! Қазақстан үстел теннисінен Өзбекстаннан озды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды.

    Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдені иеленді.

    19 жасқа дейінгі жастар арасында бірінші орынды Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Осы санатта Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова аралас жұптар жарысында топ жарса Аделя Алжанова 11 жасқа дейінгі балалар додасында бірінші орынға шықты.

    Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.

    Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) мен Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдеге ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *