Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты мәреге жетті.
Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдеге Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5000 метр) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) ие болды.
Биіктікке секіруде күміс медальді Елизавета Матвеева иеленді.
20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева мен 3000 метр кедергілер арқылы жүгіруде Дейзи Джепкемей қола жүлдені қанағат тұтты.
Осылайша командалық есепте Қазақстан құрамасы Катармен бірдей нәтиже көрсетіп, төртінші орынға орналасты. Қазақстан мен Катар бірдей медаль жиынтығына ие болды.
Жалпы есепте Қытай көш бастады (19 алтын, 9 күміс, 4 қола). Екінші орынды Үндістан (8 алтын, 10 күміс, 6 қола) иеленсе, үшінші орынға Жапония ие болды (5 алтын, 11 күміс, 12 қола).
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА