• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Қазақстан балуандары Азия чемпионатын төрт жүлдемен аяқтады

    Осымен грек-рим күресінен Иордания астанасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Жүлдегерлер:

    Күміс медаль – Омар Сатаев (82 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг)

    Қола жүлде – Ибрагим Магомадов (77 кг), Шамиль Ожаев (87 кг)

    Ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есеп:

    1. Иран құрамасы (201 ұпай)
    2. Өзбекстан құрамасы (168)
    3. Жапония құрамасы (131)
    4. Қазақстан құрамасы (98 ұпай)
    5. Қытай (97 ұпай)

    Айта кетейік, алтын алған спортшыға 25 ұпай, күміске 20, қолаға 15 балл есептеледі.  Былтыр Бішкекте өткен Азия чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола олжалаған.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *