Бүгін Астана қаласындағы «Барыс Аренада» жүзуден «Жібек жолы» сериясы аясында әлем кубогының кезеңі басталды. Алғашқы жарыс күнінің іріктеуі нәтижесінде еліміздің үш өкілі кешкі финалға жолдама алды. Айбат Мырзамұратов бірден екі бағдарламада жүлдеге таласады. Ол 50 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеуде 26,57 секунд нәтиже көрсетсе, 200 метрге 1 минут 57,50 секундтта жетті. Егор Попов 100 метрге еркін стильмен жүзуде 47,82 ...
Read More »Tag Archives: Әлем кубогы
Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі басталды
Бүгін Астанада алғаш рет жүзуден өтетін World Aquatics – Astana 2026 әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 40-жуық елден 300-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен қазіргі рекорд иелері де бар. Жарыс Баку, Ташкент пен Астана қалаларын біріктіретін Silk Road халықаралық сериясының қорытынды кезеңі болады. Әлем кубогы World Aquatics ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген. ...
Read More »Қазақстан семсерлесуден әлем кубогына қатысады
Қазақстан құрамасы семсерлесуден 15-18 қазан аралығында Марокконың Касабланка қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады. Халықаралық жарыста отандастарымыз шпагадан ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сайыстарда сынға түседі. Ерлер арасындағы жекелей сайыста ел намысын Нұржан Әбжанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Аңсар Қасен, Руслан Курбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов пен Георгий Тинников қорғайды. ...
Read More »Ербол Хамитов Әлем кубогында тағы бір медаль алды
Польшаның Якушице қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан пара шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңінде Ербол Хамитов (LW12) 6 км қашықтықты 18 минут 24 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдаорға арналған сплрттық даярлау орталығы» РМҚК. Алтын жүлдені Италияның спортшы ...
Read More »Пара биатлоннан Әлем кубогы: Ербол Хамитов — қола жүлдегер!
Пара биатлоннан өткен Әлем кубогында Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21 секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал екінші орынды АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Пара биатлонан Әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында болды. Оған Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, ...
Read More »Айбар Қайым семсерлесуден Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды
Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германияда кадеттер арасында өткен Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды. Ол семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды. Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді. Бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Әлем кубогы: Кристина Шумекова тағы да алтын жүлдені жеңіп алды
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол 30 қарашада 1500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді. Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді. ...
Read More »Кикбоксингтен ӘЧ: Қазақстан құрамасында 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль
Бүгін БАӘ-нің Әбу-Даби қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы бәсекеге ұлттық құрама сапында 49 спортшы қатысып, команда 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленді. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 12-орын алды. Барлығы жүлде алған мемлекеттер саны 49. Назарыңызға әлем чемпионатында жүлде алған спортшылар тізімін ұсынамыз: Фулл-контакт ...
Read More »Әлем кубогы: Кристина Шумекова екі алтын медаль жеңіп алды
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды. 1000 метр Кристина Шумекова Аяно Секигучи (Жапония) Ханна Мазур (Польша) 3000 метр Кристина Шумекова Лике Хейзинк (Нидерланд) Цзяминь Цзян (Қытай) Нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста ...
Read More »Түркістан төрінде төл күресімізден Әлем кубогы басталды
Түркістан қаласында қазақ даласының даңқты батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогы салтанатты түрде басталды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Төл спортымыздың мәртебесін арттыруды мақсат еткен халықаралық доданың ашылу рәсіміне Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, спортшыларға ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары