• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Әлем кубогы

    Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогының иегері атанды

    Финляндияда өткен парабиатлоннан Әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі. Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс — Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль. Парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп ...

    Read More »

    Виталий Щиголев Әлем кубогында қола медаль алды

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңде екі жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын үшінші болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 7:55.850 секунд. Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл — оның 2019 жылдан бергі Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен Әлем кубогында ұлттық құрама команданың көшбасшысы Азамат Дәулетбеков Әлем құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды. Азамат бұл бәсекеде 86 кг дейінгі салмақта күресті. Оның құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады. Онда Дәулетбеков жапон Тацуия Шираиды 9:1 есебімен ұтты. Әлем құрамасы мен Жапония арасындағы белдесуде алғашқысы басым түсті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем кубогында Қазақстан рекорды тіркелді

    Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні ерлер мен әйелдер жекелей сында 500, 1500 метр мен командалық эстафетаның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс медаль жеңіп алды. Бұл биылғы Әлем кубогының үш кезеңінде қазақстандық шорт-трекшілер қол жеткізген 5-медаль. Абзал Әжіғалиев 3-орын (500 м, В финалы). Санжар Жанысов өз тобында 5-орын (500 м, В ...

    Read More »

    Алматыда Әлем кубогы басталды

    Бүгін Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогының кезекті кезеңі басталды. Ол Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтуде. Жарысқа Қазақстан командасының құрамында ерлерден Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жаңысов, әйелдерден Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева мен Алена Волковицкая қатысады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    10-11 желтоқсан күндері АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогы жарысы өтеді. Биыл Xtream Arena-да ұйымдастырылатын белдесулерде ерлер мен әйелдер еркін күрестен алғаш рет бір спорт кешенінде жиналып, шын мықтыны анықтайды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мұхиттың арғы бетіндегі додада Қазақстан құрамасынан екі өкіл бақ сынайтынын мәлімдеді. Олар — қыздар арасындағы 72 келіге дейінгі салмақтағы әлем ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Қазақстан семсерлесуден қола медаль жеңіп алды

    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Қазақстан намысын Богдан Лукин, Георгий Линников, Александр Федотов, Ғабидин Мустафин қорғады. Жартылай финалда ұлттық құрама Египетке жол берді. Үшінші орын үшін матчта қазақстандықтар Қырғызстаннан мықты болды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді. Спортшы көрсеткен өнері үшін 80.04 балл алды. Бұл оның жарысты қола жүлдемен аяқтауына мүмкіндік берді. Бірінші орынды Даниэль Скотт (Аустралия) жеңіп алса, Марион Тхенолт (Канада) екінші орынға ие болды. Жанбота Алдабергенова —әлем кубогы бірінші кезеңінің жүлдегері, Олимпия ойындарына үш рет қатысқан (2014, 2018, ...

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова екінші алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькиші Алина Дауранова Финляндияда конькимен жүгіру спортынан өтіп жатқан Әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде екінші рет алтын медальді жеңіп алды. Ол 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, мәреге бірінші болып жетті. Финляндияда Дауранова дубль жасады. Ол бұған дейін 1000 метрлік жарыста жеңіске жеткен еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова алтын медаль алды

    Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Алина Дауранова Финляндиядағы әлем Кубогының жасөспірімдер кезеңінің жеңімпазы атанды. Ол 1000 метр қашықтықта үздік атанды. Дауранова 1:22.107 нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші мәреде поляк Виктория Дабровска болды. Итальяндық Серена Пергер үздік үштікті аяқтады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »