• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Сали Сабиров

    Қазақстан гимнасшылары Әлем кубогының финалына шықты

    Спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында Әлем кубоыгының шешуші кезеңі басталды.

    Жарыстың қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар белгілі болады. Әзірше ат снарядындағы жаттығу сайысында Нариман Құрбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға шықты. Ол 15.033 ұпай жинады. Бұл ұпай оған Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беріп отыр.

    Олимпиадаға лицензияны 1-2 орын иеленген спортшылар алады.

    Милад Карими мен Дмитрий Патанин да еркін жаттығудан финалға шықты. Карими іріктеуді бірінші, Патанин үшінші орынмен аяқтады.

    Әйелдер арасында Аида Бауыржанова да көзге түсті. Ол қол тіреп секіруден финалға жолдама алған сегіз спортшының қатарына енді.

    Әлем кубогы кезеңінде Нариман Курбановтың Олимпиадаға жолдама алу мүмкіндігі мол. Оған төртжылдық додасына бару үшін Катар төрінде үздік үштіктен көріну керек. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы — тайпейлік Ли Чи Кай.  Ал Милад Карими лицензия мәселесін былтырғы әлем чемпионатында шешіп қойған болатын.

    Дохадағы әлем кубогы кезеңінде ерлерден 12, әйелдерден 8 спортшы Париж Олимпиадасына жолдама алады.

    Тағы бір отандасымыз Диас Тойшыбек өз қателігінен финалға шыға алмады.

    Финалдық сайыстар 19 сәуірге жоспарланған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *